← Все статьи

СМИ о нас

«Shygys Mall» сауда орталығының жанынан «Адал Ас» дүкені ашылды

Табиғи өнімнің төрі – «Адал Ас» дүкені

15.09.2026Адас АС44 просмотров
«Shygys Mall» сауда орталығының жанынан «Адал Ас» дүкені  ашылды

Ұлттық тағамдарымызды дәріптеп, табиғи әрі таза өнімді тұтынушыға қолжетімді ету – бүгінгі күннің маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатты берік ұстанған «Адал Ас» компаниясы жаңа дүкенін «Shygys Mall» сауда орталығының жанынан ашып, тұрғындарға сапалы ұлттық өнімдерұсынуда. Жаңа дүкеннің сөрелерінен табиғи таза өнімдердің сан түрін кездестіруге болады. Мұнда әр талғамға сай өнім бар. Әсіресе ұлттық дастарханымыздың сәнін келтіретін бауырсақ пен женттің түр-түрі келушілердің назарын бірден аударады. Сөрелерде тізілген алуан түрлі өнімдердің өзі тәбетті ашып, қазақтың дәстүрлі тағамдарына деген қызығушылықты арттыра түседі. Дүкеннің ерекшелігі – мұнда өнімдерді сатып алып қана қоймай, жаңа піскен ыстық бауырсақтың дәмін татуға мүмкіндік бар. Қазаннан жаңа ғана түскен, буы бұрқыраған бауырсақтың хош иісі айналаны әп-сәтте алып кетеді. Оның тәбет ашар иісін елемей, дүкен жанынан өтіп кету мүмкін емес. «Адал Ас» компаниясының бұл бастамасы ұлттық тағамдарды күнделікті тұтынушыға жақындатуға бағытталған. Компания үшін ең бастысы – халыққа сапалы, табиғи өнімдер ұсыну.

– Біздің мақсатымыз – тұрғындарға қолжетімді бағада табиғи, таза өнім ұсыну, – дейді компанияның құрылтайшысы Ермек Мезібаев.

Қазақтың ұлттық тағамдары – халқымыздың салт-дәстүрі мен ұлттық болмысының ажырамас бөлігі. Ал осындай өнімдерді заманауи форматта ұсынып, тұрғындарға қолжетімді ету – ұлттық құндылықтарды дәріптеудің бір жолы. «Адал Ас» дүкенінің ашылуы – табиғи өнімді бағалайтын жандар үшін жақсы жаңалық. Ендеше, ұлттық дәмнен ауыз тиіп, сапалы өнім іздеген тұрғындар жаңа дүкеннен өзіне қажеттісін таба алады.

ADAL AS

Больше натуральных продуктов

Открыть каталог →