← Барлық мақалалар

БАҚ біз туралы

Қарттарға құрмет – ізгілік пен өнегенің белгісі

Қарттарға құрмет – ізгілік пен өнегенің белгісі

01.10.2026Адас АС12 қаралым
Қарттарға құрмет – ізгілік пен өнегенің белгісі

1 қазан – Қарттар күніне орай ұлттық өнімдер өндіретін «Адал Ас» компаниясының өкілдері «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында болып, қарттарға сый-құрмет көрсетті. Аға буын өкілдерімен жүздесіп,  арнайы сыйлықтар табыстады. Сыйлық қоржынына табиғи әрі таза өнімдер салынып, ақ жаулықты әжелер мен ақсақалдарға тарту етілді. Бұл – компанияның үлкенге деген құрметі мен қоғамға деген жауапкершілігін танытатын игі бастама. Қазақ халқы ежелден қариясын төрге шығарып, батасын алып, ақыл-кеңесін тыңдаған. Осындай ұлттық дәстүрді дәріптеп, қарттарға көңіл бөлу – кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық өнегелі іс.

Қариялар «Адал Ас» компаниясының ұжымына ризашылықтарын білдірді. Қарттардың батасы – сыйластық пен ізгіліктің ең үлкен белгісі.

«Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығындағы бұл кездесу сыйлық табыстаумен ғана шектелмей, аға буын мен қоғам арасындағы жылы байланысты нығайтқан тағылымды шараға айналды.

Қартын қадірлеген елдің қазынасы ортаймайды. Үлкенге құрмет көрсету – ұлттың тәрбиесі мен салт-дәстүрінің сабақтастығын көрсететін асыл құндылық. «Адал Ас» компаниясының бұл бастамасы да сол игі дәстүрдің жалғасы болды.

ADAL AS

Табиғи өнімдер әлемі

Каталогты ашу →