Жент жаңа қаптамада: «Адал ас» тағамдарды заманауи сәнде ұсынды

Жент жаңа қаптамада: «Адал ас» тағамдарды заманауи сәнде ұсынды

Категория: БАҚ біз туралы | Автор: Адас АС | 14 | 04.12.2025

Ұлттық тағамдар – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан асыл мұрасы. Сол құндылықты заманауи талаптарға сай ұсынуды мақсат еткен «Адал ас» компаниясы тұтынушыларын тағы да бір тың жаңалықпен қуантты. Бұл жолы компания жентті әртүрлі қаптамада шығарып, ұлттық дәмді бұрынғыдан да ыңғайлы әрі тартымды етіп ұсынуда.

Жаңа қаптамалардың басты артықшылығы – ұлттық тағамдарды конфет орнына қоя алатындай ықшам әрі қолайлы болуы. Бұл әсіресе қонақ күткенде немесе дәстүрлі дәмдерді сыйлық ретінде ұсынғанда өте тиімді. Ұқыпты әзірленген сыртқы безендіру, ұлттық нақыштағы өрнектер мен заманауи дизайн өнімге ерекше ажар береді.

«Адал ас» компаниясы сападан еш айнымаған. Өнімдер бұрынғыдай табиғи таза шикізаттан дайындалып, өзіне тән тіл үйірер дәмін сақтап отыр. Көрінісі тартымды, қаптамасы сенімді, дәмді – компания ұсынған жаңашылдықтың басты ұстанымы да осы.

Женттің әртүрлі қаптамада болуы компанияның тек маркетинг қадамы ғана емес, ұлттық ас мәдениетін жаңғыртуға қосқан үлесі. Бұл бастама арқылы ұлттық тағамдар жастарға да, аға буынға да заманауи түрде ұсынылып, олардың күнделікті қолданысқа ыңғайлы нұсқасы қалыптасады.

Жаңа қаптамадағы жентжақын күндері сөрелерге шығып, тұтынушылардың жоғары бағасына ие болары сөзсіз. «Адал ас» ұлттық дәмдерді уақыт талабына сай қайта түлетіп, олардың әр үйдің дастарханынан орын алуына жол ашып отыр.

Танымал өнімдер

Талқан

Талқан

Талқан – дәмді, тойымды, әрі пайдалы тағам.

Жент

Жент

Ұлттық десерт - қуырылған бидайдан жасалған тәтті тағам.

Бауырсақ

Бауырсақ

Дәстүрлі қазақ дастарханының ажырамас бөлігі - бауырсақ.

«AS TAL» коктейлі

Отандық, Ұлттық табиғи таза өнім.

«AS TAL» коктейлінің пайдасы

  • Ешбір қоспасыз дайындалғандықтан денсаулықты жақсартуға септігі мол.
  • Иммунитетті көтеріп, күш-қуат береді.
  • Ағзаны токсиндерден тазартады.
  • Аз уақыт ішінде арықтауға көмектеседі.
  • Қан құрамындағы қант мөлшерін төмендетуге септігін тигізеді.
  • Қан қысымын реттейді.
Өнім туралы толығырақ
AS TAL

Байланыс

Біздің өнімдер жайлы сұрақтарыңыз болса, бізге хабарласыңыз!

Телефон

8 777 579 2733

WhatsApp

8 700 717 3485

Instagram

Instagram

Қоңырау шалу