Категория: БАҚ біз туралы | Автор: Адас АС | 8 | 01.08.2025
Абай тойының 10 күндігі аясында Семей қаласында ұлттық құндылықтарды дәріптеуді және жергілікті кәсіпкерлікті қолдауды мақсат еткен маңызды жоба жүзеге асты. Қалада «ADAL AS» компаниясының бастамасымен жаңа дүкен — «Абай елінен сарқыт» креативті-әлеуметтік кеңістік дүкені ашылды.
Бұл ерекше дүкеннің басты мақсаты — Абай облысында өндірілетін табиғи әрі экологиялық таза азық-түлік өнімдерін, қолөнер шеберлерінің бұйымдарын және ұлттық нақыштағы кәдесыйларды бір орталыққа жинақтап, қала тұрғындары мен қонақтарына ұсыну. Жоба ұлттық мұраны насихаттау мен отандық кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді үлгісіне айналып отыр,-дейді компания құрылтайшысы Ермек Мезібаев.
Дүкен сөрелерінен жергілікті брендтердің ұлттық стильде жасалған, сапалы әрі өзіндік ерекшелігі бар өнімдерін кездестіруге болады. Олардың қатарында экологиялық таза тағамдар, қолдан жасалған әшекейлер, ұлттық бұйымдар және бірегей кәдесыйлар бар.
«Абай елінен сарқыт» жобасы — 2023–2025 жылдары мемлекеттік грант иегерлерімен тығыз әріптестік орнатып, әлеуметтік бағытта жұмыс істеп жатқан ерекше бастамалардың бірі. Соңғы үш жыл ішінде Абай облысында 600-ден астам мемлекеттік грант (жалпы көлемі 400 МРП шамасында) беріліп, ұлттық бағыттағы шағын кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді. Бұл қолдаудың нәтижесінде жергілікті өнімдер өндірісі жанданып, тұтынушылар тарапынан сұраныс артып отыр.Бүгінде дүкен 50-ге жуық жергілікті кәсіпкермен серіктестік орнатқан. Олардың арасында «Бір ауыл — бір өнім» байқауына қатысқан кәсіпкерлер де бар. Қазіргі уақытта 40-қа жуық кәсіпкердің өнімдері дүкен сөрелерінде тұрақты сатылымға шығарылуда.
«ADAL AS» компаниясының директоры Раушан Мұқажанованың айтуынша, бұл дүкен — жай сауда орны ғана емес, жаңа кәсіп иелеріне нарыққа шығуға, өнімдерін танытуға және тұтынушымен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беретін маңызды әлеуметтік платформа болып отыр.
Ашылу салтанатына Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Қаблан Қамбарбеков, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының Абай облыстық филиалының жетекшісі Мақсат Сүйчинов, Қазақ әдебиеттану ғылымының көрнекті өкілі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Арап Еспенбетов, сондай-ақ Кәсіпкерлер палатасының шағын кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы Нұрасыл Мұратов қатысып, жобаның маңыздылығын атап өтіп, ізгі тілектерін білдірді.
«Абай елінен сарқыт» — ұлттық мұра мен жергілікті кәсіпкерлік дамуын үйлестіре білген заманауи форматтағы жоба ретінде, өңірдің экономикалық және мәдени өркендеуіне өз үлесін қоса бермек.
Талқан – дәмді, тойымды, әрі пайдалы тағам.
Ұлттық десерт - қуырылған бидайдан жасалған тәтті тағам.
Дәстүрлі қазақ дастарханының ажырамас бөлігі - бауырсақ.
Отандық, Ұлттық табиғи таза өнім.
Ешбір қоспасыз дайындалғандықтан денсаулықты жақсартуға септігі мол. Иммунитетті көтеріп, күш-қуат береді. Ағзаны токсиндерден тазартады. Аз уақыт ішінде арықтауға көмектеседі. Қан құрамындағы қант мөлшерін төмендетуге септігін тигізеді. Қан қысымын реттейді.
Өнім туралы толығырақ