Раушан Мұқажанова «Абай облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды

Раушан Мұқажанова «Абай облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды

Категория: БАҚ біз туралы | Автор: Адас АС | 28 | 07.03.2026

Семейде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Арулар – асыл жандар» атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиын қаладағы Абай атындағы театрда ұйымдастырылып, қоғамның түрлі саласында еңбек етіп жүрген нәзік жандарға құрмет көрсетілді.

Көктемнің шуақты мерекесіне арналған кешке аймақтың зиялы қауымы, еңбек ардагерлері, мәдениет және білім саласының өкілдері, кәсіпкер әйелдер қатысты. Салтанатты жиында облыс әкімі Берік Уәли сөз сөйлеп, әйелдердің қоғамдағы орны мен ел дамуына қосып отырған үлесінің айрықша екенін атап өтті.

— Әйел – отбасының ұйытқысы ғана емес, қоғамның да қозғаушы күші. Бүгінде нәзік жандар білімде, ғылымда, кәсіпкерлікте, өндірісте және мәдениет саласында үлкен жетістіктерге жетіп, ел дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Сіздердің табанды еңбектеріңіз бен даналықтарыңыз – қоғамымыздың берекесі мен тұрақтылығының кепілі, — деді аймақ басшысы.

Мерекелік жиында түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген әйелдер қауымы мемлекеттік және өңірлік марапаттарға ие болды. Бірқатар азаматшаларға «Абай облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі мен облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды. Марапат иелерінің қатарында ұлттық өнімдер өндіретін компанияның директоры Раушан Мұқажанова да бар. Кәсіпкерге өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін «Абай облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды.

Компания 16 жылдан астам уақыт бойы табиғи ұлттық өнімдер өндірумен айналысып келеді. Сапа мен дәстүрді үйлестіре білген кәсіпорын бүгінде тек елімізде ғана емес, шетел нарығында да танымал болып отыр. Ұлттық өнімдерді кеңінен насихаттап, отандық өндірістің дамуына үлес қосып жүрген кәсіпкердің еңбегі өңірде жоғары бағаланды.

Айтулы кеш мерекелік концертке ұласып, сахнада өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашты. Көктемнің алғашқы мерекесінде нәзік жандарға арналған жылы лебіздер мен құрмет көрсетулер салтанатты шараның мазмұнын айшықтай түсті.

Танымал өнімдер

Талқан

Талқан

Талқан – дәмді, тойымды, әрі пайдалы тағам.

Жент

Жент

Ұлттық десерт - қуырылған бидайдан жасалған тәтті тағам.

Бауырсақ

Бауырсақ

Дәстүрлі қазақ дастарханының ажырамас бөлігі - бауырсақ.

«AS TAL» коктейлі

Отандық, Ұлттық табиғи таза өнім.

«AS TAL» коктейлінің пайдасы

  • Ешбір қоспасыз дайындалғандықтан денсаулықты жақсартуға септігі мол.
  • Иммунитетті көтеріп, күш-қуат береді.
  • Ағзаны токсиндерден тазартады.
  • Аз уақыт ішінде арықтауға көмектеседі.
  • Қан құрамындағы қант мөлшерін төмендетуге септігін тигізеді.
  • Қан қысымын реттейді.
Өнім туралы толығырақ
AS TAL

Байланыс

Біздің өнімдер жайлы сұрақтарыңыз болса, бізге хабарласыңыз!

Телефон

8 777 579 2733

WhatsApp

8 700 717 3485

Instagram

Instagram

Қоңырау шалу