Категория: БАҚ біз туралы | Автор: Адас АС | 11 | 27.05.2026
Бүгін мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті Құрбан айт мерекесі басталды. Үш күнге созылатын бұл ұлық мейрам – тек діни рәсім емес, мейірімділік, жанашырлық пен бауырмалдықты дәріптейтін ерекше рухани мереке. Ұлттық өнімдер өндіретін "Адал Ас" компаниясы барлық қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтайды. Құрбан айт күндері жағдайы жеткен мұсылмандар Алла разылығы үшін құрбандық шалып, оның етін мұқтаж жандарға, ағайын-туыс пен көрші-қолаңға таратады. Исламда қайырымдылық жасап, көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын беру – сауапты амалдардың бірі. Ханафи мәзһабында құрбан шалу – уәжіп амал. Құрбандыққа қой, ешкі, ірі қара және түйе шалынады. Қой мен ешкі бір адамның атынан шалынса, ірі қара мен түйеге жеті адамға дейін ортақтаса алады.Шариғат бойынша құрбандық малы сау, мінсіз және жас ерекшелігіне сай болуы керек. Ауру, ақсақ, тым арық немесе көзі көрмейтін мал құрбандыққа жарамайды.Дін мамандарының айтуынша, құрбандықтың басты мәні – мал союда емес, адамның ниеті мен тақуалығында. Қасиетті Құранда Аллаға малдың еті мен қаны емес, адамның ықыласы жететіні айтылған. Құрбан айт – адамдарды мейірімге, қамқорлыққа және бірлікке үндейтін қасиетті мереке.
Талқан – дәмді, тойымды, әрі пайдалы тағам.
Ұлттық десерт - қуырылған бидайдан жасалған тәтті тағам.
Дәстүрлі қазақ дастарханының ажырамас бөлігі - бауырсақ.
Отандық, Ұлттық табиғи таза өнім.