“Қаладан-ауылға” форумында ұлттық өнімдерге ерекше назар аударылды

“Қаладан-ауылға” форумында ұлттық өнімдерге ерекше назар аударылды

Категория: БАҚ біз туралы | Автор: abaidan.kz | 32 | 20.02.2026

Абай облысында «Қаладан – ауылға» атты өңірлік форум өтіп, ауылдық аумақтарды дамытудың жаңа бағыттары мен нақты тетіктері талқыланды. Ауқымды жиынға ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов, «Аmanat» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов, ҚР Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қайрат Тастекеев, сондай-ақ өңір және аудан әкімдері, мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері мен ірі ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары қатысты. Форумның басты жаңалығы – Абай облысында «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасының ресми басталуы болды. Жобаның мақсаты – ауыл халқын тұрақтандыру, кадр тапшылығын азайту, шағын және орта бизнесті дамыту және ауылдық елді мекендердің экономикалық әлеуетін арттыру.

Форум аясында ұйымдастырылған ауылшаруашылық өнімдерінің көрмесінде ұлттық тағамдар мен табиғи өнімдер көпшілік назарына ұсынылды.

Көрмеге қатысқан Адал Ас компаниясы табиғи әрі сапалы ұлттық өнімдерімен ерекше көзге түсті. Дәстүрлі дәм мен заманауи өндіріс технологиясын үйлестірген кәсіпорын өнімдері қонақтардың қызығушылығын тудырды. Компания ұсынған тағамдар ұлттық нақышымен, жоғары сапасымен және табиғилығымен ерекшеленеді.

Компанияның бірегей өнімі "AS TAL" жұртшылықтың назарын аударды. Туған жер мен елге қашанда қамқорлық танытатын Абай облысының әкімі Берік Уәли ғажайып коктейльді ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжановқа өзі таныстырды.

“Табиғилық, сапа және ұлттық құндылық” қағидатын берік ұстанған “Адал Ас” бүгінде отандық нарықта сенімге ие брендтердің біріне айналып келеді. Көрме барысында келушілер өнімдермен танысып қана қоймай, олардың дайындалу ерекшеліктері мен өндіріс процесі туралы да ақпарат алды. Бұл – ұлттық тағамдарды жаңғыртып, заманауи талаптарға сай дамыту жолындағы маңызды қадам.

Мұндай форумдар ауыл мен қала арасындағы байланысты нығайтып, жергілікті кәсіпкерлердің дамуына серпін береді. Ұлттық өнімдерді қолдау – ел экономикасын күшейтудің, ауыл шаруашылығын өркендетудің және дәстүрлі құндылықтарды сақтаудың тиімді жолы.

Ұлттық өнімді қолдайық, отандық өндірушіні бірге дамытайық!

Танымал өнімдер

Талқан

Талқан

Талқан – дәмді, тойымды, әрі пайдалы тағам.

Жент

Жент

Ұлттық десерт - қуырылған бидайдан жасалған тәтті тағам.

Бауырсақ

Бауырсақ

Дәстүрлі қазақ дастарханының ажырамас бөлігі - бауырсақ.

«AS TAL» коктейлі

Отандық, Ұлттық табиғи таза өнім.

«AS TAL» коктейлінің пайдасы

  • Ешбір қоспасыз дайындалғандықтан денсаулықты жақсартуға септігі мол.
  • Иммунитетті көтеріп, күш-қуат береді.
  • Ағзаны токсиндерден тазартады.
  • Аз уақыт ішінде арықтауға көмектеседі.
  • Қан құрамындағы қант мөлшерін төмендетуге септігін тигізеді.
  • Қан қысымын реттейді.
Өнім туралы толығырақ
AS TAL

Байланыс

Біздің өнімдер жайлы сұрақтарыңыз болса, бізге хабарласыңыз!

Телефон

8 777 579 2733

WhatsApp

8 700 717 3485

Instagram

Instagram

Қоңырау шалу