Категория: БАҚ біз туралы | Автор: Адас АС | 27 | 16.02.2026
Ұлттық өнімдер өндіретін Адал Ас компаниясы тек сапалы тағам шығарумен ғана емес, қызметкерлерінің ауызбіршілігін нығайтуға бағытталған шараларымен де ерекшеленеді. Жуырда компания ұжымы демалыс күнін табиғат аясында өткізіп, ерекше серпіліс алып қайтты.

Таза ауада серуендеп, сырғанақ теуіп, көңілді әндер шырқап, әріптестер бір-бірімен еркін форматта араласты. Қысқы табиғаттың көркі мен көтеріңкі көңіл-күй ұжымға жаңа күш-қуат сыйлады.

Компания басшылығы мұндай шаралардың маңызы зор екенін атап өтті.
«Тимбилдинг ұжымның ұйымшылдығын арттырып, қызметкерлер арасындағы сенімді нығайтады. Бірлескен демалыс — ортақ мақсатқа жетудің берік негізі», — дейді компания директоры. Раушан Мұқажанова.

Шынында да, бейресми ортадағы қарым-қатынас әріптестердің бір-бірін жақынырақ тануына мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жұмыс барысындағы үйлесімділік пен тиімділікті арттырады.

«Адал Ас» алдағы уақытта да қызметкерлеріне қолайлы жұмыс ортасын қалыптастыруды және корпоративтік мәдениетті дамытуды жалғастырмақ. Белсенді еңбек пен сапалы демалысты ұштастырған ұжымның алар асуы әлі алда.


Талқан – дәмді, тойымды, әрі пайдалы тағам.
Ұлттық десерт - қуырылған бидайдан жасалған тәтті тағам.
Дәстүрлі қазақ дастарханының ажырамас бөлігі - бауырсақ.
Отандық, Ұлттық табиғи таза өнім.