«Адал Ас» компаниясында тағам қауіпсіздігі бойынша біліктілікті арттыру курсы өтті

«Адал Ас» компаниясында тағам қауіпсіздігі бойынша біліктілікті арттыру курсы өтті

Категория: БАҚ біз туралы | Автор: abaidan.kz | 24 | 21.11.2025

Ұлттық өнім өндіретін «Адал Ас» компаниясында «ТР ТС 021/2011 және ISO 22000:2018 талаптарына сәйкес ХАССП принциптеріне негізделген азық-түлік қауіпсіздігі менеджменті жүйесін әзірлеу және енгізу» тақырыбында екі күндік біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды. Себебі ХАССП жүйесі қазіргі таңда кез-келген тағам өндіретін кәсіпорын үшін ең негізгі талаптардың бірі. Ол өнімнін шикізаттан бастап, тұтынушыға жеткенге дейінгі кезеңді бақылап, қауіптің алдын алуға көмектеседі. Болашақта мұңдай стандарттар біздің өңдеу саласын дамытып қана қоймай, отандық өнімнін шетелдік нарыққа шығуына да үлкен мүмкіндік береді.

Курсты биология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, ҚР ҰҒА академигі, Ресей табиғаттану академиясының және Ресейдің Ұлттық азық-түлік қауіпсіздігі академиясының академигі Велямов Масимжан Тұрсынұлы жүргізді. Оқыту барысында мамандарға халықаралық стандарттардың талаптары, өндірісте тәуекелдерді басқару, критикалық бақылау нүктелерін анықтау, сондай-ақ қауіпсіздік менеджменті жүйесін тиімді енгізу жолдары жан-жақты түсіндірілді.

Курсқа компанияның Құрылтайшысы Ермек Мезібаев пен әртүрлі бөлімдерден 12 жұмысшы қатысты. Тыңдаушылар алған білімдерін өндірістік процестерді жетілдіруде және өнім сапасын арттыруда қолдануға мүмкіндік алды.

«Адал Ас» компаниясы үшін бұл оқыту — өндірістік мәдениетті көтеруге, халықаралық талаптарға сай сапа менеджментін қалыптастыруға жасалған маңызды қадам. Компания алдағы уақытта өз өнімдерін шетел нарықтарына шығару мүмкіндігін қарастыруда. Осы мақсатта халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, толыққанды тағам қауіпсіздігі жүйесін енгізу — экспортқа шығудың басты шарттарының бірі. Біліктілікті арттыру курсының соңында қатысушылардың барлығына сертификат табысталды.  

Танымал өнімдер

Талқан

Талқан

Талқан – дәмді, тойымды, әрі пайдалы тағам.

Жент

Жент

Ұлттық десерт - қуырылған бидайдан жасалған тәтті тағам.

Бауырсақ

Бауырсақ

Дәстүрлі қазақ дастарханының ажырамас бөлігі - бауырсақ.

«AS TAL» коктейлі

Отандық, Ұлттық табиғи таза өнім.

«AS TAL» коктейлінің пайдасы

  • Ешбір қоспасыз дайындалғандықтан денсаулықты жақсартуға септігі мол.
  • Иммунитетті көтеріп, күш-қуат береді.
  • Ағзаны токсиндерден тазартады.
  • Аз уақыт ішінде арықтауға көмектеседі.
  • Қан құрамындағы қант мөлшерін төмендетуге септігін тигізеді.
  • Қан қысымын реттейді.
Өнім туралы толығырақ
AS TAL

Байланыс

Біздің өнімдер жайлы сұрақтарыңыз болса, бізге хабарласыңыз!

Телефон

8 777 579 2733

WhatsApp

8 700 717 3485

Instagram

Instagram

Қоңырау шалу