Категория: БАҚ біз туралы | Автор: Адас АС | 8 | 26.05.2026
Ұлттық өнімдер өндіретін «Адал Ас» компаниясында игі дәстүр жалғасын табуда. Компания құрылтайшысы Ермек Асылғазыұлы мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, оларға ақшалай сыйлықтар табыс етті. Биыл үлкен өмірге қадам басқалы отырған Қайсар, Темірлан, Жантолы, Нұрасыл, Айым және Жансаяға жүрекжарды тілектер айтылды. «Адал Ас» компаниясында қызметкерлердің отбасы мүшелеріне қолдау көрсету дәстүрге айналған. Бұл – ұжымдағы бірлік пен әлеуметтік жауапкершіліктің жарқын көрінісі. Балалардың білімге деген ынтасын арттыру мақсатындағы мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Компания ұжымы барлық оқушылар мен түлектерге жарқын болашақ, сапалы білім және биік жетістіктер тіледі.
Талқан – дәмді, тойымды, әрі пайдалы тағам.
Ұлттық десерт - қуырылған бидайдан жасалған тәтті тағам.
Дәстүрлі қазақ дастарханының ажырамас бөлігі - бауырсақ.
Отандық, Ұлттық табиғи таза өнім.