Категория: БАҚ біз туралы | Автор: Адас АС | 18 | 17.03.2026
Рамазан айының 27-ші түні — мұсылман қауымы үшін аса қасиетті саналатын Қадір түні. Осы ерекше кеште ұлттық құндылықтарды дәріптеуді мақсат еткен «Адал ас» ұжымы Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітке жиналған жамағатқа дәстүрлі тағам – жент өнімдерін тегін таратты. Бұл шара қасиетті түннің рухына сай қайырымдылық пен мейірімділікті насихаттауға бағытталды.

Мешітке келген тұрғындар мен қонақтар компанияның бұл игі ісіне ризашылықтарын білдіріп, ұлттық тағамдардың кеңінен насихатталып жатқанын жоғары бағалады. Жент – қазақ халқының ежелден келе жатқан дәмді әрі құнарлы асы ретінде ерекше ықыласқа ие болды.

Осындай сауапты істер қоғамда ізгілікті арттырып, ұлттық дәстүрлердің жаңғыруына жол ашады. «Адал ас» компаниясының бұл бастамасы өзгелерге үлгі болып, қайырымдылық мәдениетінің дамуына өз үлесін қосатыны сөзсіз.
Талқан – дәмді, тойымды, әрі пайдалы тағам.
Ұлттық десерт - қуырылған бидайдан жасалған тәтті тағам.
Дәстүрлі қазақ дастарханының ажырамас бөлігі - бауырсақ.
Отандық, Ұлттық табиғи таза өнім.