Категория: БАҚ біз туралы | Автор: Адас АС | 11 | 01.06.2026
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні ұлттық өнімдер өндіретін «Адал Ас» компаниясы кішкентай бүлдіршіндерді қуанышқа бөлеп, мерекелік сыйлықтар тарту етті. Іс-шара барысында балаларға компанияның сүйікті халасиктері мен тәтті жент кәмпиттері үлестірілді. Балғындардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл күйі мерекенің басты сәніне айналды.

«Адал Ас» компаниясы үшін балаларға қуаныш сыйлау – игі дәстүрдің бір бөлігі. Компания өз өнімдерін насихаттап қана қоймай, жас ұрпаққа мерекелік көңіл күй сыйлап, олардың бақытты балалық шағына үлес қосуды маңызды міндет санайды.
«Балалардың қуанышты күлкісі мен шат көңіл күйі – біз үшін ең үлкен марапат. Өзіміздің үздік өнімдерімізді таратып, балаларды қуанту – компаниямыздың жақсы дәстүріне айналған», – дейді компания өкілдері.

Ұлттық тағамдарды өндірумен айналысатын «Адал Ас» алдағы уақытта да әлеуметтік маңызы бар шараларға белсенді қатысып, балаларға арналған қайырымдылық және мерекелік жобаларды жалғастырмақ.

Компания ұжымы барша бүлдіршінге бақытты балалық шақ, зор денсаулық, жарқын болашақ және оқуда озат болуларын тілейді.
Талқан – дәмді, тойымды, әрі пайдалы тағам.
Ұлттық десерт - қуырылған бидайдан жасалған тәтті тағам.
Дәстүрлі қазақ дастарханының ажырамас бөлігі - бауырсақ.
Отандық, Ұлттық табиғи таза өнім.