Категория: БАҚ біз туралы | Автор: abaidan.kz | 14 | 17.07.2025
Семей қаласында ерекше әлеуметтік жоба – «Абай елінен сарқыт» креативті-әлеуметтік кеңістік дүкені өз жұмысын бастады. Бұл кеңістік – ұлттық дәстүр мен заманауи кәсіпкерлікті үйлестіре отырып, жергілікті өнімдерге деген сұранысты арттыруға бағытталған жаңа форматтағы алаң.
Жобаны «ADAL AS Trade» компаниясы мен Абай облысы кәсіпкерлер палатасы бірлесіп жүзеге асыруда. Дүкен сөрелерінен өңірде өндірілетін экологиялық таза тағам өнімдері, ұлттық нақыштағы кәдесыйлар мен қолөнер шеберлерінің ерекше бұйымдарын табуға болады.
«Абай елінен сарқыт» – бұл жай ғана сауда орны емес. Бұл – біздің мәдениетімізді, ұлттық болмысымызды және кәсіпкерлік әлеуетімізді заманауи формада таныстыратын платформа. Әрбір өнім – бір ауылдың, бір отбасының еңбегі мен жүрек жылуы. Біздің мақсат – ауыл кәсіпкерлеріне нарыққа шығуға жол ашып, шынайы отандық өнімнің қадірін арттыру»,-дейді «ADAL AS» компаниясының Құрвлтайшысы Ермек Мезібаев.
«Абай елінен сарқыт» креативті – әлеуметтік кеңістік дүкені 2023–2025 жылдары мемлекеттік грант иегерлерімен тығыз серіктестік орнатқан ерекше әлеуметтік жобалардың бірі. Соңғы үш жыл ішінде Абай облысында 400 айлық есептік көрсеткіш (МРП) көлемінде 600-ден астам мемлекеттік грант беріліп, ұлттық бағыттағы шағын кәсіпкерлік қарқынды дамуда. Бұл қолдаудың нәтижесінде экологиялық таза тағам, қолөнер бұйымдары мен отандық кәдесыйлар өндірісі жолға қойылып, жергілікті өнімдерге деген сұраныс артып отыр.
Жоба аясында 50-ге жуық жергілікті кәсіпкермен әріптестік орнатқан. Олардың ішінде «Бір ауыл — бір өнім» байқауына қатысушылар мен жеңімпаздардың, 40-қа жуық кәсіпкердің өнімдері тұрақты түрде дүкен сөрелерінен орын алып, тұрақты сатылымға шығарылуда. Бұл дүкен тек сауда орны ғана емес, сонымен қатар жаңа бизнес иелеріне нарыққа шығуға, өнімдерін танытуға және тұтынушымен байланыс орнатуға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналған.
Басты мақсат: ауыл мен әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау, Ұлттық дәстүр мен мәдениетті жаңғырту, шағын бизнесті нарыққа бейімдеу және жергілікті өнімдерді туристік брендке айналдыру.
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілі Мақсат Сүйчинов – өз сөзінде бұл жобаның болашаққа деген сенімді үміттің бастауы екенін атап өтті:
«Қарапайым ауыл кәсіпкерінің еңбегі бағаланып, тұтынушымен тікелей табысып жатса – бұл үлкен жетістік. “Абай елінен сарқыт” дүкені арқылы біз тек өнім сатып жатқан жоқпыз, біз бірлікті, еңбекқорлықты, отансүйгіштікті насихаттап отырмыз. Бұл жоба – баршамыздың ортақ құндылықтарымыздың айғағы».
Жобаның ашылу салтанатына ел көлеміндегі және шетелдік бірқатар беделді тұлғалар қатысты. Бұл бастама – ұлттық құндылықтар мен заманауи кәсіпкерлікті тоғыстыра отырып, өңір халқының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал ететінін көрсетті.
Ашылу салтанатына қатысқан меймандар қатарында:
«Абай елінен сарқыт» – шынайы отандық өнімнің қадірін арттырып, жергілікті өндіруші мен тұтынушы арасындағы алтын көпірге айналатын тың жоба.
Талқан – дәмді, тойымды, әрі пайдалы тағам.
Ұлттық десерт - қуырылған бидайдан жасалған тәтті тағам.
Дәстүрлі қазақ дастарханының ажырамас бөлігі - бауырсақ.
Отандық, Ұлттық табиғи таза өнім.
Ешбір қоспасыз дайындалғандықтан денсаулықты жақсартуға септігі мол. Иммунитетті көтеріп, күш-қуат береді. Ағзаны токсиндерден тазартады. Аз уақыт ішінде арықтауға көмектеседі. Қан құрамындағы қант мөлшерін төмендетуге септігін тигізеді. Қан қысымын реттейді.
Өнім туралы толығырақ